Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Соның басында тұрған Жаратқан Ие аян беріп былай деді: «Мен Жаратқан Иемін, атаң Ыбырайым мен әкең Ысқақтың сиынатын Құдайымын. Сен ұйықтап жатқан жерді саған және ұрпақтарыңа беремін. Сенің үрім-бұтағың жер бетіндегі құм түйіршіктеріндей сансыз көп болады. Батыс пен шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке тарайсыңдар. Өзің және ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға батам қонады. Біліп ал, Мен саған жар болып, қайда барсаң да қорғаймын, кейін сені осы жерге қайта алып келемін. Мен сені жалғыз қалдырмаймын, саған қандай уәде берсем, соның бәрін орындаймын». Ал Жаратқан Ие Ысқаққа аян беріп: «Мысыр жаққа көшпей, Мен айтқан жерде қоныстанып, сол елде жат жұрттық болып тұра бер! Саған жар болып, батамды қондырамын. Сенің ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін табыстап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге асырамын. Мен үрім-бұтағыңды аспандағы жұлдыздар сияқты сансыз етіп көбейтіп, оларға осы жерлердің бәрін табыстаймын. Сенің ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Өйткені Ыбырайым Менің тілімді алып, берген бұйрықтарыма, ережелеріме және өсиет сөздеріме түгел құлақ асып, жүзеге асырды», — деді. Жаратқан Иенің періштесі Ыбырайымға екінші рет көктен дауыстап былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін: саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады. Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің». Зарлаған дауыстарын естігенде Құдай Өзінің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыппен жасаған Келісімін рақыммен есіне алды. Халқымен жасаған Келісімін ескерді,Зор рақымымен оларды есіркеді, Ал кейін Мен жастық шағыңда өзіңмен жасаған Келісімімді есіме алып, сенімен мәңгілік Келісім жасаймын.
Выбор основного перевода