Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаға жауап беріп:— Патша ағзам көп жасасын! Ата-бабаларымның қабірлері орналасқан қала қирап бос жатыр, әрі қақпалары өртеліпті! Солай болғанда бет-жүзімнің қалайша көңілсіз болмауы мүмкін? — дедім. Ежелде қираған қаланы аралашы,Жау түгел жойған мекеніңді қарашы. Айбалта, шоттарымен қиратып тастадыӨрнектеліп ойылған тақтайшаларды. Жау киелі үйіңді өртеп, талқандады,Сенің атыңдағы мекенді арамдады, «Соларды біржола құртамыз!» деп шешті,Елдегі Саған сиынатын жерлерді,Уа, Құдай, олар түгел өртеп жіберді. Солай болып тұрғанда Сәба елінің хош иісті ладан шайырын әрі шалғай елдің тәтті де жұпар құрағын түтетіп ұсынғандарыңнан Маған не пайда? Шалып, өртеп ұсынған құрбандықтарыңды қабылдамаймын, сый-тартуларыңа да риза болмаймын». Ал егер сол бұйрықтарыма бағынбасаңдар, онда бұл сарай қираған үйіндіге айналады деп Өзімнің атыммен ант етемін, — деп ескертеді Жаратқан Ие. онда Мен ежелде Шилодағы табыну орнын қалай талқандатқан болсам, осы киелі үйді де солай талқандатамын. Ал Иерусалимді жер бетіндегі күллі халықтар қарғайтын қалаға айналдырамын!» Осы киелі үй Шило сияқты талқандалады, әрі Иерусалим қирап, қаңырап бос қалады деп Жаратқан Иенің атынан айтуға қалай ғана аузың барады?» — Жаратқан Иенің киелі үйінде көп халық Еремияның айналасына топырлап жиналды.
Выбор основного перевода