Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдіктер Маған арнап киелі шатыр дайындап жасасын. Мен халық арасында сол жерде тұратын боламын. Тұрағы Оның Иерусалимде,Киелі үйі Сион төбесінде. Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім жасаймын. Бұл Келісім мәңгілікке созылмақ. Мен оларды орнықтырып, жарылқап, өсіріп-өндіріп, араларында киелі орнымды тұрақты орнатамын. Осылай Менің (жер бетіндегі) тұрағым олармен бірге болады. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. Менің киелі үйім олардың ортасында тұрақты орнағанда, барлық ұлттар Менің, Жаратқан Иенің, Исраилді Өзіме бағыштап қасиетті ететінімді білетін болады!» Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады!
Выбор основного перевода