Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады. — Мен Иерусалимді бір төбе үйінді етіп, оны шибөрілердің мекені қыламын. Яһуданың басқа қалаларын да адам баласы тұрмайтындай етіп қаңыратып бос қалдырамын. — (Жаратқан Ие осыны нық айтады.) Бүкіл ел қорқынышты құлазыған айдалаға айналады, ал осы ұлттар Бабыл патшасына жетпіс жыл бойы басыбайлы қызмет ететін болады.
Выбор основного перевода