Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерге қарсы жыртқыш аңдарды жіберемін, олар сендерді балаларыңнан айырып, малдарыңды жарып құртатын болады. Өздерің де азайып, жолдарың қаңырап бос қалады. Келісімді бұзғандарың үшін сендерден кек алып, елдеріңе семсер ұстаған басқыншы жіберемін. Сендер қалаларыңа бас сауғалап тығылғанда, араларыңа індет жіберіп, жауларыңның қолына түсетін етемін. Сүлеймен патшалық құрған уақыттың бәрінде Яһуда мен Исраилдің халқы алаңсыз тіршілік етіп, солтүстіктегі Даннан оңтүстіктегі Бер-Шебаға дейінгі бүкіл өлкеде әр адам өз бау-бақшасында тұрып жемістерін рақаттана жейтін. Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады,Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады. Таңдаулы астықпен оны тойындырады,Шекараңа бейбітшілік орнатады. Оның бойында не арыстандар, не басқа да жыртқыш аңдар аңдып жүрмейтін болады. Өзге қауіптер де сонда болмайды. Тек жау қолынан азат етілгендер ғана сол жолмен жүрмек. Сондықтан қорықпа, уа, қызметшім Жақып, үрейленбе, уа, Исраил халқы! — дейді Жаратқан Ие. — Біліп ал: Мен сені жүрген алыс жерлеріңнен құтқарамын, ұрпақтарыңды да тұтқында жүрген елдерінен құтқарып алып келемін. Сол жерде Жақыптың үрім-бұтағы елге қайта оралып, аман-есен өмір сүреді. Ешкім де оларды қорқытпайды. Исраил халқынан аман қалғандар бұдан былай жамандық істемейді, өтірік те айтпайды. Олардың ауыздарынан жалғандық шықпайтын болады. Олар ішіп-жеп, алаңсыз тынығады, өйткені қорқытатын жаулары болмайды».
Выбор основного перевода