Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аштықтан халқым жүдеп әлсірейді,Жаппай індеттерден азап шегеді,Обадан толығымен құртылады.Жұмсаймын оларға жыртқыш аңдарды,Жерде жорғалайтын улы жыландарды. Даңғыл жолдар қаңырап бос жатып, жолаушылар олармен енді жүрмейді. (Ассур бейбітшілік жайлы) келісімшартты бұзды. Куәгерлер алдында жасалған уәделер ұмытылып, адамның өміріне еш құрмет көрсетілмейді. Немесе Мен бүкіл елді кезіп жүретін жыртқыш аңдарды жіберіп, олар тұрғындарды жалмап, соның кесірінен қаңырап қалған ел арқылы тіпті жолаушылар да өтпей қояды дейік. Осылай Мен оларды өздері бұрын-соңды көріп-білмеген халықтардың арасына дауыл айдағандай бытыратып жібердім. Олар тастап кеткен елдің иесіз бос қалғаны сонша, онда ешкім де аяқ басып жүрмейтін болды. Осылайша олар сол шұрайлы елді қаңыраған құла түзге айналдырды.
Выбор основного перевода