Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді Мен бұл халыққа індет жіберіп, құртамын. Содан кейін сенің өзіңнен олардан да көбірек әрі күштірек халықты өрбітемін! Сендер қазір кіріп, иемденгелі тұрған елден құрып кеткенше Жаратқан Ие сендерге індет жұқтырады. Исраилдің сиынатын Құдайының аянын көрді. Оның табанының асты аспандай мөлдір, жарқылдаған саф көк асыл тас төселген алаңға ұқсады. Мен сендерге аштықпен қоса жыртқыш аңдарды да жіберемін. Олар сендерді шабуылдап, балаларыңнан айырады. Індет пен қантөгіс бүкіл елді жайлап, Мен жаудың семсерін де сендерді қыратын қыламын. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын». Я болмаса Мен елге қарсы жаудың семсерін жіберіп, ол бүкіл елдің тұрғындарын мал-мүлкімен қоса құртады дейік. Немесе Мен елге індет жіберіп, оның адамдары мен малдарын қырып қаһарымды төгемін дейік. «Араларыңа Мысырдағыдай індет жібердім, жас жігіттеріңді семсермен қырып, жылқыларыңды тартып алып кеттім. Орналасқан жерлеріңдегі өліктердің сасық иісі мұрын жаратындай болды. Бірақ сендер сонда да Маған қайтып келмедіңдер!» — деп әшкерелейді Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода