Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осының кесірінен исраилдіктер жауларына қарсы тұра алмай, олардан қашуға мәжбүр болды. Өйткені өздері де Менің қарғысыма ұшырады. Егер жойылуға тиістілерді құртпасаңдар, Мен бұдан былай сендермен бірге жүріп жар болмаймын. Орныңнан тұрып, халықты Құдайға бағыштап тазарту рәсімінен өткіз. Оларға былай де: Құдайға бағышталып (күнә атаулыдан) тазарып, ертеңгі күнге дайындалыңдар! Өйткені Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: О, Исраил, сенің араңда қарғысқа ұшыраған нәрсе бар. Сол араларыңнан аластатылғанға дейін, жауларыңа қарсы тұра алмайсыңдар. Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты тонаушылардың қолына бере салды. Солар исраилдіктердің мал-мүліктерін зорлап тартып алып отырды. Жаратқан Ие халықты айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіргендіктен, соларға қарсы тұруға Исраилдің қауқары жетпейтін болды.
Выбор основного перевода