Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайымыз Жаратқан Иенің маған сендерге үйретуге бұйырған өсиеттері, ережелері және шешімдері, міне, осылар. Сендер өзеннен өтіп кіріп, иемденгелі тұрған елде оларды орындауларың қажет. Ата-бабаларың сиынған Құдай Ие сендерге иемденуге берген елде қоныс теуіп, өмір сүрген кездеріңде сақтап орындауларыңа тиісті ережелер мен шешімдер мыналар: Жаратқан Ие оларды Синай тауының басында Мұсаға тапсырды. Сол кезде Жаратқан Ие Өзіне сый-тарту алып келулері жайлы осы нұсқауларын Синай атты иен далада (уақытша аялдаған) Исраил халқына берді. Жаратқан Ие Синай тауында Мұсаға тіл қатып былай деді: Жаратқан Иенің Синай тауында Исраил халқына Мұса пайғамбар арқылы табыстаған бұйрықтары, міне, осылар.
Выбор основного перевода