Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жосия патшалық құрған сегізінші жылы, әлі де жасөспірім шағында түп атасы Дәуіт сиынған Құдайына бет бұрып, Оның еркін сұрай бастаған еді. Содан кейін ол билігінің он екінші жылы Яһуда мен Иерусалимді биіктеу жерлердегі табыну орындарынан, жалған тәңір Ашераға бағышталған бағаналардан және ағаштан ойылып не қоладан құйылып жасалған басқа да тәңірсымақ мүсіндерінен арылта бастады. Жосияның қызметкерлері оның бақылауымен Бағалға арналған құрбандық үстелдерін қиратып, солардың үстерінде орналасқан хош иісті заттар түтетілетін тұғырларды да талқандады. Олар Ашераға арналған бағаналарды және ойылып не құйылып жасалған тәңірсымақ мүсіндерін күлпарша қылып қиратып, соларға арнап құрбандық ұсынғандардың қабірлерінің үстіне шашып тастады. жалған тәңірлерге арналған құрбандық үстелдерін, бағаналар мен мүсіндерді құлатып, күлпаршасын шығарып, хош иісті заттар түтетіліп ұсынылатын үстелдерді де талқандады. Мұны бүкіл Исраил елінде істеп болған соң патша Иерусалимге қайта оралды. Малдарын айдап келген бақташылар іспетті жау аттанып келіп, оның айналасына қостарын тігеді. Әрқайсысы өз үлесінде отар-табындарын жаяды». Қолбасшылары: «Оған қарсы шайқасу үшін тәңірге бағышталып дайындалыңдар! Жиналып, түс кезінде жоғары аттанайық!» «Қап, күн батуға таяп қалыпты, кеш түсіп көлеңкелер ұзарыпты!» «Ендеше түн ішінде қалаға бас салып, сарайларын қиратып тастайық!» — деседі. Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Ағаштарды шауып, Иерусалимнің қамалынан өту үшін үймектер үйіңдер! Бұл қала жазалануға тиіс, оның ішінде қанаушылық кеңінен етек жайған. Кішігінен ұлығына дейінгі бәрі де пайдақұмар. Тіпті пайғамбарлары мен діни қызметкерлері де арамзалық жасайды.
Выбор основного перевода