Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер сен сол әділетсіз адамға ескертіп, ол бәрібір теріс жолынан қайтпай, зұлым істерінен бас тартпаса, онда ол өз әділетсіздігінің жазасын тартып өледі, бірақ сен өз өміріңді сақтап қаласың. Егер сен әділ адамға күнә жасамауды ескертіп, содан ол күнә жасамайтын болса, ол ескертуге құлақ асқандықтан сөзсіз өмір сүре беретін болады. Сен де өз жаныңды аман сақтап қаласың». Сонымен байқаңдар, Пайғамбарлар жазбаларындағы мына тәрізді сөздер бастарыңа келмесін: Назар аударыңдар, Құдайдың айтқанын менсінбейтіндер, таңғалыңдар да ғайып болыңдар! Себебі көздерің тірі тұрғанда Мен бір істі жүзеге асырмақпын. Оны біреу алдын ала айтып берсе де, сендер сенбес едіңдер. Сонда Пауыл мен Барнаба оларға батыл сөйлеп былай деді:— Құдайдың Ізгі хабарын алдымен сендерге уағыздауымыз керек еді. Алайда оны қабылдамай, өздеріңді мәңгілік өмірге лайықты санамайтын болсаңдар, онда басқа ұлттарға бет бұрамыз! Өзіңе де, үйретіп отырған іліміңе де мұқият ықылас аудар. Осыларды ұдайы атқара бер, сонда өзіңді және тыңдаушыларыңды күнәнің ықпалынан аман сақтайтын боласың.
Выбор основного перевода