Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт осы кезде қала қамалының сыртқы және ішкі қақпаларының арасында отырған еді. Бір шолғыншы қақпаның төбесіне шығып, сыртқа қарағанда, жүгіріп келе жатқан бір адамды көрді. Шолғыншы бұл туралы патшаға дауыстап мәлімдеді. Патша:— Егер сол адам жалғыз өзі келе жатса, онда ол жақсы хабар әкеле жатыр, — деді. Адам жүгіріп жақындай түсті. Еху жасақшыларымен Ізрелге жақындап қалғанда, қала мұнарасындағы бақылаушы оларды байқап: «Бір топ жасақшыны көріп тұрмын», — деп хабарлады. Жорам былай деп бұйырды: «Олардың алдынан бір салт аттыны жібер! Ол аманшылық па деп сұрап келсін!» Иен даладағы барлық тақыр төбелердің үстімен құртушылар келе жатыр. Мен, Жаратқан Ие, жіберген семсер елдің бір шетінен екінші шетіне дейін бәрін де қырып-жояды, одан аман қалатын тірі жан болмайды. Сосын өзіңмен бірге жер аударылып келген елдестеріңе бар. Олардың тыңдағандарына да, тыңдамағандарына да қарамастан тіл қатып: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады!» деп жарияла!» — Ей, семсер, Менің бақташыма, өз серігіме, қарсы шық! — дейді Әлемнің Иесі. — Бақташыны ұрып өлтір, сонда отарындағы қойлары бытырап кетеді. Мен төлдеріне де қол жұмсаймын.
Выбор основного перевода