Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Өзіңді тежемей қатты айқайла! Даусыңды кернейдей көтер! Таңдап алған халқыма опасыз істерін ашық айт! Иә, Жақыптың үрім-бұтағына жасаған күнәларын әшкереле! Сонда Жаратқан Ие мынаны айтты: «Менің киелі үйімнің ауласына барып тұр. Яһуданың барлық қалаларынан киелі үйіме ғибадат етуге келгендерге Мен саған айтқандардың бәрін бірде-бір сөзін қалдырып кетпей жеткіз. «Ей, пендем, Мен сені Исраил халқына күзетші етіп тағайындадым. Сондықтан Менің аузымнан шыққан сөзімді естіген сайын халыққа Менің атымнан ескерту жаса! Егер Мен зұлым жанға: «Сен жазаңды тартып сөзсіз өлесің!» деген хабарымды (өзің арқылы) жіберсем, ал сен оған соны ескертпесең, әрі оның өмірін сақтап қалу үшін жаман іс-әрекеттерін тастауын айтпай, үндемей қалсаң, онда сол зұлым адам өз күнәларының жазасын тартып өледі. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. Ал егер сен сол әділетсіз адамға ескертіп, ол бәрібір теріс жолынан қайтпай, зұлым істерінен бас тартпаса, онда ол өз әділетсіздігінің жазасын тартып өледі, бірақ сен өз өміріңді сақтап қаласың. Егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, әділетсіздікке салынса, әрі Мен оған сүріндіретін бөгет қойғанмен соған мән бермесе, ол күнәларының зардабын тартып өлімге душар болады. Егер сен оған ескертпесең, ол өз күнәсі үшін өледі. Оның бұрын істеген әділ істері ескерілмейді. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. Егер сен әділ адамға күнә жасамауды ескертіп, содан ол күнә жасамайтын болса, ол ескертуге құлақ асқандықтан сөзсіз өмір сүре беретін болады. Сен де өз жаныңды аман сақтап қаласың». «Ғибадатханаға барып, халыққа осы Жаңа өмір жайлы Ізгі хабарды түгел жариялаңдар!» — деді.
Выбор основного перевода