Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біздің бәріміз әйтеуір бір кезде өліп, қайта жинауға келмейтін төгілген су сияқты боламыз. Бірақ Құдай кісі өлтіруші іспетті емес. Қайта, Ол қудаланған адамды Өзінен алшақ жүрмесін деп қайтаруды көздейді. Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді Әлде Мені зұлым адамның өліміне қуанады деп ойлайсыңдар ма? Керісінше, Мен оның теріс жолынан қайтып, тірі қалып өмір сүре бергеніне қуанамын!» Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Сондықтан, уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа өз іс-әрекеттеріңе сәйкес үкім шығарамын! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Бұрын істеген барлық зұлым қылықтарыңа өкініп, солардан бас тартыңдар! Сонда сендер өмір жолдарыңда әділетсіз іс істеп сүрініп құламайсыңдар. Істеп келген барлық зұлым қылықтарыңды тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты иемденіңдер! Әйтпесе сендерге өліп не бар, уа, Исраил халқы? Өйткені Мен ешкімнің де өлімін қаламаймын. Сондықтан өкініп, теріс жолдарыңнан қайтып, өмір сүре беріңдер! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын. Әлемнің Иесі енді мынаны айтады: «Істеген іс-әрекеттеріңе ден қойып, ойланып алыңдар! Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!
Выбор основного перевода