Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, әділетсіздікке салынса, әрі Мен оған сүріндіретін бөгет қойғанмен соған мән бермесе, ол күнәларының зардабын тартып өлімге душар болады. Егер сен оған ескертпесең, ол өз күнәсі үшін өледі. Оның бұрын істеген әділ істері ескерілмейді. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. Ал егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасайтын болса, әрі зұлым адам сияқты жексұрын істер істеуге кіріссе, оның өмір сүре беруіне бола ма? Жоқ, оның бұрын істеген әділ істерінің ешқайсысы да енді ескерілмейді. Сол адам опасыз болып, күнә жасағаны үшін өлімге кесілуге тиіс. Осындайлар Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхті танып білгендері арқылы осы дүниелік арамдықтардан арылып, құтылған болатын. Алайда кейін қайтадан олардың шырмауына түсіп, жеңіледі. Сонда олардың соңғы жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болмақ. Олар үшін әділет жолын танып біліп, Мәсіхтің тапсырған қасиетті өсиеттерін қабылдап, кейін кері бұрылғаннан гөрі, сол жолды мүлдем білмегендері жақсы болар еді. Сондықтан өзін «сенімімде берік тұрмын» деп санайтын әркім күнәға батудан сақ болсын!
Выбор основного перевода