Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда қанын шығармай тұрып, олардың етін жеуші болмаңдар, жаны қанында ғой. Алайда оның қанын ішіп-жемеңдер, оны су іспетті жерге төгіп тастаңдар! Алайда оның қанын ішіп-жеуден сақ болыңдар! Себебі қан дегеніміз — жан. Етті жанмен қосып жеулеріңе болмайды. Қайта, қанын су іспетті жерге төгіп тастаңдар! Ол биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жемейді де, Исраил халқы табынатын жалған тәңірлерге сиынбайды да. Ол өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзбайды, етеккірі келіп жүрген әйелімен де жақындаспайды. Өйткені олар Менің заңдарымды орындамай, ережелерімді менсінбей, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Олар сондай-ақ ата-бабалары табынған жалған тәңірлерге құштарлана қарады. Былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, қала, сен өзіңнің ортаңда адамдардың қанын төктің, осылай өз жазаңды тартатын уақытыңды жақындаттың! Сен жалған тәңірлердің мүсіндерін жасап алып, соларға табыну арқылы өзіңді-өзің арамдап келесің! Көріп тұрсың ба, сендегі Исраилдің билеушілерінің әрқайсысы өз шамасы жеткенше адам қанын төгуге бейім болды. Сенде жазықсыз жала жауып, кісі өлтірткен зұлымдар да бар! Олар тау-төбе бастарында жалған тәңірлерге арналған құрбандық астарынан ішіп-жеп, азғын іс-әрекет жасайтындар.
Выбор основного перевода