Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Істеген күнәларым басымнан асты,Ауыр жүктей денемді жерге жаншыды. Сен күнәларымызды қойдың алдыңа,Нұрыңда айқын құпияларымыз да. Өмір бойы бізге қаһарың төнеді,Жылдарымыз күрсінумен бітеді. Өйткені тамақ пен су жетіспей, адамдар бір-біріне аңтарылып, үреймен қарап, өз күнәларының кесірінен әлсіреп құритын болады. «Сендер «Қышқыл жүзімді көп жеген — аталары, ал тістері қамалған — балалары» деген нақыл сөзді Исраил еліне байланысты қандай мақсатпен айтасыңдар? Сәлделерің бастарыңда, аяқкиімдерің аяқтарыңда болмақ. Сендер жоқтап жыламай, өз күнәларыңның кесірінен әлсіреп құрып, күңіреніп, бірге қайғырасыңдар. Содан соң Жаратқан Ие маған былай деді: «Ей, пендем, мына сүйектер Исраилдің бүкіл халқын бейнелейді. Халық: «Сүйектеріміз қурап қалды, үмітіміз үзілді, біз мүлдем құрыдық!» деп жүр.
Выбор основного перевода