Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилді күзетіп жүруге тиісті басшылары соқыр да надан! Барлығы үре алмайтын мылқау, қиялдап жатып, ұйықтағанды жақсы көретін иттер сияқты. Олар қомағай, тоюды білмейтін төбеттерге ұқсас! Түсінігі жоқ осы бағушылардың бәрі өз беттерімен жүріп, әрқайсысы өз пайдасын ғана ойлайды. Егер Мен зұлым жанға: «Сен жазаңды тартып сөзсіз өлесің!» деген хабарымды (өзің арқылы) жіберсем, ал сен оған соны ескертпесең, әрі оның өмірін сақтап қалу үшін жаман іс-әрекеттерін тастауын айтпай, үндемей қалсаң, онда сол зұлым адам өз күнәларының жазасын тартып өледі. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. Егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, әділетсіздікке салынса, әрі Мен оған сүріндіретін бөгет қойғанмен соған мән бермесе, ол күнәларының зардабын тартып өлімге душар болады. Егер сен оған ескертпесең, ол өз күнәсі үшін өледі. Оның бұрын істеген әділ істері ескерілмейді. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. Егер Мен зұлым жанға: «Ей, зұлым адам, сен жазаңды тартып сөзсіз өлесің!» деген хабарымды өзің арқылы жіберсем, ал сен оны жаман істері жайлы ескертпесең, онда сол зұлым адам өз күнәсінің жазасын тартып өледі. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. Оның төгілген қаны үшін Мен сені жауапқа тартамын.
Выбор основного перевода