Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдің ер адамдары өз жағдайларының қиындағанын көрді. Жау жан-жақтан тықсырғандықтан, Исраилдің жасағы қашып кетіп, үңгірлер мен шатқалдарды, жартастардың қуыстарын, шұңқырлар мен жер астындағы су қоймаларын паналады. Жаратқан Ие жерді сілкінту үшін тағынан тұрған сол кезде Оған мойынсұнбағандар құз-шатқалдардың қуыстарына әрі жердің ой-шұқырларына қашып барып, Жаратқан Иенің қорқынышты қаһарынан, Оның айбынды ұлылығынан жасырынып қалуға тырысады. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Иерусалимге қарсы оның халқы мен малын қыратын төрт ғаламат апатымды: семсер, ашаршылық, жыртқыш аңдар және індетті жібергенімде, бұл қандай қорқынышты болмақ?! Сол себептен тыңдаңдар, уа, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің мына сөзіне құлақ түріңдер: Жаратушы Тәңір Ие айналадағы басқа халықтарға олжа болып, олардың мазағына айналған Исраилдің тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына, қаңыраған далалары мен елсіз қалған қалаларына сөзін арнайды. Исраилдің таулы елінде сенің өзің мен қалың әскерің де, саған еріп келген халықтар да қырыласыңдар. Сендерді түрлі жыртқыш құстар мен даладағы аңдарға жем қылып беремін. Олар Қармил тауының төбесіне тығылып қалса да, сол жерден де тауып, ұстап алар едім! Менен теңіздің түбіне барып жасырынса, Мен улы жыланға оларды шағуға бұйырар едім.
Выбор основного перевода