Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар жағымпазданды бірақ ауыздарымен,Жаратқанға жалған айтты тілдерімен, Шын жүректен Оған адал болмады,Келісімін Оның берік ұстанбады. Жасаған Ие мынаны айтады: «Бұл халық тек ауызбен алдыма келіп, Мені сөздерімен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, ал солары бекершілік! Расында сен көпті көрген едің, бірақ ештеңені ұқпайсың, құлақтарың естіген еді, бірақ тыңдамайсың!» Біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді? (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) алтыншы жылдың алтыншы айының бесінші күні мен Яһуданың ақсақалдарымен бірге үйімде отырғанда Жаратушы Тәңір Иенің рухани құдіреті маған тағы да қонып, бойымды билеп алды Исраилдің ақсақалдарынан бірнеше адам маған келіп, алдыма жайғасып отырды. (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) жетінші жылдың бесінші айының оныншы күні Исраилдің ақсақалдарынан бірнеше адам Жаратқан Иенің еркін сұрап білу үшін менің алдыма келіп отырды. Тікен арасына себілген дәндер болса, мынаны білдіреді: біреу Ізгі хабарды естиді. Алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып, өнім бермейді. Балаларым менің, сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік!
Выбор основного перевода