Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал сендер: «Жаратқан Иенің осылай шешкені дұрыс емес!» деп шағымданасыңдар. Тыңдаңдаршы, уа, Исраил халқы: Менің осылай шешкенім дұрыс емес пе? Әлде сендердің өз шешімдерің дұрыс емес пе? Егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасайтын болса, ол сонысы үшін өлімге кесіледі. Жасаған күнәларының зардабын тартып ол өлімге душар болады. Ал егер зұлым адам істеп жүрген арам істерінен бас тартып, игі де әділ істерді істейтін болса, ол өз өмірін сақтап қалады. Сонда да Исраил халқы: «Жаратқан Иенің осылай шешкені дұрыс емес!» деп шағымданады. Менің осылай шешкенім дұрыс емес пе, уа, Исраил халқы? Әлде сендердің өз шешімдерің дұрыс емес пе? Ал сен, пендем, өз халқыңа мынаны жеткіз: Егер әділ жан Құдайға қарсы бас көтеріп күнә жасайтын болса, бұрынғы әділдігі енді оны құтқара алмайды. Ал егер зұлым адам өкініп, Құдай жолына түссе, онда ол зұлымдығы үшін тартуға тиісті жазасынан құтылады. Сонымен әділ адам күнәға батқан кезде өзінің бұрынғы әділдігіне сүйеніп өмір сүре алмайды. Алайда Мен зұлым адамға: «Сен шүбәсіз өлесің!» деген соң, ол күнәсін тастап, теріс жолынан қайтып, әділ де ізгі істерді істейтін болады дейік. Бірақ сендер сонда да: «Тәңір Иенің осылай істегендері әділ емес!» деп қарсылық білдіріп жатырсыңдар. Уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа істеген істеріңе сәйкес үкім шығарамын!»
Выбор основного перевода