Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал қазір Мен көптеген балықшыларды жіберіп отырмын! — дейді Жаратқан Ие. — Сол балықшылар оларды қармап ұстап алатын болады. Мұнан кейін Мен көптеген аңшыларды жіберемін! Аңшылар исраилдіктерді барлық тау-төбелерден әрі жартастардың жарықтарынан іздеп жүріп, ұстап алатын болады. Ал Мен не көріп тұрмын? Мысырдың жасақшылары қорқып, шегініп, батырлары да жеңіліп, алды-арттарына қарамай қашып бара жатыр. Айналдыра бәрі де қорқыныш! — дейді Жаратқан Ие. — «Сені күтіп тұрғаны — қорқыныш, ор әрі тұзақ, уа, Моабтың тұрғындары! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Қорқыныштан қашатындар орға түседі, ал ордан өрмелеп шыққандар тұзаққа түседі. Өйткені Менің Моабты күнәлары үшін жазалайтын уақытым келді!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Жұрт: «Алшаққа кетіңдер, арамсыңдар сендер! —Деп айқайлады. — Кетіңдер! Қол тигізбеңдер!»Һәм былай деді бөтен елдердегі кісілер:«Осында тұра алмайды сол кінәлілер!»
Выбор основного перевода