Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Аса патша Жаратқан Иенің киелі үйінің және өз сарайының қазыналарында қалған барлық алтын-күмісті алды. Оларды қызметкерлерімен Арама елінің Дамаск қаласында тұратын патшасы Бен-Хададқа жіберді. Ол Табримонның ұлы, Хезионның немересі болатын. Аса патша оған мынадай сәлемін де жолдады: «Екеуіміздің әкелеріміздің арасында келісім болғанындай, енді біз де сондай келісім жасасайық! Міне, мен сізге күміс пен алтынды сыйға жіберіп отырмын. Өзіңіздің Солтүстік Исраилдің патшасы Бағасамен жасасқан келісіміңізден бас тарта көріңіз. Ол менің шекарамнан кері шегініп кетсін!» Бен-Хадад Аса патшаның өтінішіне құлақ асып, өзінің қолбасшыларын Солтүстік Исраилдің қалаларына қарсы аттандырды. Олар Ион, Дан, Әбел-Бет-Маха қалаларын әрі бүкіл Кінерет аймағын Нафталим руының күллі жерімен қоса басып алды. Сол кездері Арама елінің патшасы Бен-Хадад күллі әскерін жинап алды. Онымен бірге өзіне қарасты тағы отыз екі патша өздерінің салт аттылары және соғыс күймелерімен қоса аттанды. Барлығы өрлеп барып, Самария қаласын қоршап алып, оған шабуыл жасамақ болды. Бірақ егер айтқанымды орындамасаңдар, демалыс күнін Маған бағыштамасаңдар, әрі сол күндері Иерусалимнің қақпаларынан жүк алып кіретін болсаңдар, онда Мен Иерусалимнің қақпаларына ешқашан өшпейтін от қоямын! Содан оның сарайлары да өртеніп кетеді. Мен сол Бабыл патшасы арқылы Мысырдың тәңірсымақтарының ғибадатханаларына от қоямын. Патша солардың мүсіндерін не өртеп жібереді, не тұтқындап әкетеді. Қойшының шапанын жамылып алатынындай, ол Мысыр елін қыспаққа алады. Ақырында сол жақтан аман-есен шығады. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Дамаскінің халқы көптеген зұлым істер істеп келді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Олар (Исраилдің) Ғилақад аймағын темір астық бастырғышпен таптағандай аяусыз талқандады. Сол үшін Мен (Дамаск патшасы) Хазаилдің сарайына от жіберемін. Сол от (оның ұлы) Бен-Хададтың қорғандарын да жалмап қояды. Мен Дамаскінің қақпа ысырмаларын сындырып, Ауен аңғарының тағында отырғанды елінен аластатып қуып, Бет-Еденге билік жүргізушіні құртамын. Сонда Арама халқы тұтқындалып, (Бабыл еліндегі) Кир аймағына айдалып кететін болады». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода