Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені іштей былай дегенсің: «Мен аспанға көтерілемін, өз тағымды Құдайдың жұлдыздарынан да жоғары орнатамын! Қиыр солтүстікте орналасқан, (жалған тәңірлер) жиналатын таудың басындағы тағыма жайғасамын. Биік бұлттардан да жоғары көтеріліп шығамын, өзімді Хақ Тағаламен бірдей қыламын!» Қайта, сен о дүниеге, тұңғиықтың түбіне лақтырыласың! не шөлдің аптабыІспетті болды. Бірақ Сен, Ием менің,Бөгде жаулардың үндерін өшіртесіңҺәм мақтанған әндерін сол аяусыздардың,Қалың бұлттай салқындатқан күн аптабын. Себебі Жаратқан Ие Бабылды талқандап, оның даурықпа үнін өшіреді. Жаулары теңіздің алып толқынындай гүрілдеп, үндері дабырлап жаңғырығатын болады. Олар тіпті жер астына түсіп, көміліп қалса да, Мен оларды қолыма түсірер едім. Аспанға шығып кетсе де, оларды төменге түсіремін. Олар Қармил тауының төбесіне тығылып қалса да, сол жерден де тауып, ұстап алар едім! Менен теңіздің түбіне барып жасырынса, Мен улы жыланға оларды шағуға бұйырар едім.
Выбор основного перевода