Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Аса патша Жаратқан Иенің киелі үйінің және өз сарайының қазыналарынан алтын-күміс алып шықты. Оларды Арама елінің Дамаск қаласында тұратын патшасы Бен-Хададқа жіберді. Аса патша оған мынадай сәлемін жолдады: Мен Қаркеміш сияқты Қална қаласын да, Хамат секілді Арпад қамалын да, Дамаск сияқты Самарияны да оп-оңай басып аламын! Бұл — Дамаск жайлы ауыр хабар:«Біліп қойыңдар, енді қайтып Дамаск қала болмайды, ол қиратылып, тау-төбе үйіндіге айналады. Хамат пен Арпадтың тәңірлері қайда? Сепар-Уаймның тәңірлері қайда? Әлде бірде-бір тәңір Самарияны менің қолымнан аман алып қала алды ма? «Бірақ әділетсіздер буырқанып, тынши алмайтын теңізге ұқсайды. Толқындары лай мен балшықты жоғары көтере береді. Алайда халдейлердің әскері олардың соңынан аттанып, Седекияхты Иерихонның маңындағы елсіз далада қуып жетті. Олар оны қолға түсіріп, Хамат еліндегі Рибла қаласына Бабыл патшасы Набуходоносордың алдына апарды. Ол Седекияхқа үкім шығарды. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Дамаскінің халқы көптеген зұлым істер істеп келді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Олар (Исраилдің) Ғилақад аймағын темір астық бастырғышпен таптағандай аяусыз талқандады.
Выбор основного перевода