Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халықтарды қырып-жоюшы жау ну қамыстағы апанынан шыға келген арыстандай екпіндеп келе жатыр. Жеріңді күйрету үшін ол өз орнынан аттанып шықты. Яһуда, сенің қалаларың қирап, бірде-бір тұрғыны аман қалмайды. Уа, Жаратқан Ие, Саған тең келер ешкім жоқ! Сен ұлысың! Зор құдіретіңе бола Сенің есімің де ұлы! Олардың билеушісі халықтың ішінен, өз араларынан шығады. Оны Өзіме жақындатамын, ол Менің алдыма келе береді. Өйткені Мен шақырмасам, өздігінен Менің алдыма келуге кімнің дәті барады? — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Мен Иорданның бойындағы ну тоғайлардан шыға келіп, шұрайлы жайылымдағы ұсақ малға бас салатын арыстанға ұқсап әп-сәтте Бабылды өз жерінен қуып жіберемін. Бұл үшін Мен тағайындайтын таңдаулым кім екен? Менімен теңдес болып, Мені жауапқа тарта алатын ешкім жоқ. Маған қарсы тұра алатын ешбір бақташы да жоқ». Сондықтан Жаратқан Ие Бабыл қаласының және халдейлер елінің тұрғындарына қарсы нені жоспарлағанын тыңдаңдар: Бабылдың халқы, тіпті олардың балалары да міндетті түрде басқа жаққа айдалып әкетіледі! Істеген қылықтарының кесірінен олардың мекендері сөзсіз қаңырап бос қалады. Бабылдың жау қолына түскен кезіндегі у-шуынан жер (бетіндегі халықтар) дірілдейді, оның қиналған айқайы тіпті бөтен ұлттардың арасына дейін жаңғырып естіледі. Сол алып аңды жеңемін деген үміттің өзі құр бекершілік. Оны көргеннен-ақ зәрең ұшып қалшылдарсың. Баяғыда болғандарды да ұмытпаңдар! Жалғыз Мен ғана шынайы Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ, Маған ұқсас ешкім де болмайды! — Сен жаяулармен жарысып, олар сені шаршатқан болса, аттармен қалай жарыспақсың?! Жазық жердің өзінде сүрінсең, Иордан бойындағы сыңсыған ну тоғайда сенімен не болмақ?!
Выбор основного перевода