Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайта, Сүлеймен сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа құлшылық ете бастады. Исраилдіктер Менен бас тартып, сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға, моабтықтардың тәңірі Хамосқа және аммондықтардың тәңірі Молохқа бас ұра табынып кеткендіктен, Мен осыны істеймін. Олар Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істер істеген, әрі Менің ережелерім мен шешімдерімді сақтаған Сүлейменнің әкесі Дәуіт сияқты болмады. «Ал сен, пендем, былай деп Менің хабарымды жеткіз: Аммондықтар және олардың (Исраилге) көрсеткен жәбірлері туралы Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Семсер қырғын үшін қынабынан суырылды! Семсер найзағайдай жарқылдап, құрту үшін жалтыратылды. «Пендем, бет-жүзіңді Аммон еліне қарай бұр да, оларға қарсы мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің киелі үйім арамданып, Исраил елі күйреп, халқым Яһуда тұтқындалып, жер аударылғанда «Әп, бәлем! Өзіне де сол керек!» деп табалап мазақтадыңдар. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Аммон халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Аммондықтар өз жерлерін кеңейту үшін Ғилақад аймағына бас салып, сондағы жүкті әйелдерді қарындарын жарып өлтірді. Сол үшін мен Рабба қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. Дауылды күннің құйынындай бір әскердің шабуылдап атой салғаны естілетін болады. «Менің халқымды ренжітіп, олардың еліне қоқан-лоқы жасаған моабтықтардың келемеждеген сөздері де, аммондықтардың мазағы да құлағыма жетті. — Сондықтан Әлемнің мәңгі тірі Иесі, Исраилдің Құдайы, өз атымен ант етіп былай дейді: — Моаб елі Содом іспетті, аммондықтар елі Ғоморра сияқты болады. Сонда олар қалақай шөбі қаптаған, тұзды шұңқырларға толған, мәңгілікке қаңыраған елсіз далаға айналады. Халқым Яһудадан аман қалғандары оларды тонап, елдерін иемденіп алады». —
Выбор основного перевода