Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Исраил аман-есен тұрады,Жақыптың бұлағы қауіпсіз болады,Лайым аспаннан шық түсетін болсын,Елдің наны мен шырыны молайсын! Рақатқа батып, бейқам тұрып жатырсың. «Әлемде тек мен ғана маңыздымын, мендей ешкім жоқ! Ешқашан жесірдей жалғыз қалмаймын, тұрғындарымнан еш айырылмаймын!» деп мақтанасың. Ал енді, мынаған жақсылап құлақ сал: Едәуір уақыттан кейін аттануға шақырылып, кейінгі жылдары Исраил еліне басып кірмексің. Осы ел семсердің қырғынынан кейін қалпына келген. Оның көптеген басқа ұлттар арасына шашырап кеткен халқы жиналып, қайта оралған. Олар түрлі халықтардың арасынан әкелініп, қаңырап бос жатқан Исраилдің қырат-қырқаларына қайтып қоныстанды да, сол жерде аман-есен тұрып жатты. «Исраилдің бекініссіз елді мекендеріне барып, шабуылдаймын! Бейқам өмір сүріп жатқан халқына тұтқиылдан бас саламын. Олардың тұратын жерлерін қорғайтын қамалдары, ысырмамен жабылатын қақпалары атымен жоқ екен.
Выбор основного перевода