Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алыс Мешехте кірме болып тұрған,Қидар шөлінде шатыр маңында қонғанСияқты сорлы басымды қайғы басқан! Қарамаңдаршы маған тесірейе,Бетімді күйдірді күн сәулелері.Ағаларым маған ашуланған еді,Баққызып қойды содан жүзімдіктерді,Сөйтіп күте алмадым өз жүзімдігімді. Далаға шықпаңдар, жол жүрмеңдер! Өйткені жаудың семсері бар, айналдыра бәрі де қорқыныш. Келесі күні Пашхур оны бұғаудан босатқан кезде Еремия оған былай деді: «Жаратқан Ие сенің атыңды енді Пашхур емес, Магор-Миссабиб («Жан-жақ толған қорқыныш») деп өзгертті. Көп адамдар сыбырлап жүр: «Жан-жақ толған қорқыныш! Ол туралы мәлімдеңдер! Кәне, шағымданайық!» дейді. Тіпті сырлас достарымның бәрі де енді бір қате жіберуімді аңсап жүр. «Мүмкін, ол алданып, қолымызға түсер! Сонда біз одан өшімізді аламыз!» дейді. Ал Мен не көріп тұрмын? Мысырдың жасақшылары қорқып, шегініп, батырлары да жеңіліп, алды-арттарына қарамай қашып бара жатыр. Айналдыра бәрі де қорқыныш! — дейді Жаратқан Ие. —
Выбор основного перевода