Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады. Менің, Жаратқан Иенің, қаһарым лап еткеннен қала қаңырап бос қалып, енді қайтып оны ешкім мекендемейді. Бабылдың маңынан өткен-кеткендердің бәрі қаланың басына түскен пәлелерді көргенде аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып табалайтын болады. Бабыл бір төбе үйіндіге, шибөрілердің мекеніне айналады. Содан басқалар аңтарыла жандары түршігіп, оны ысқырып табаламақ. Онда ешкім тұрмайтын болады. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Сейір тауы, Мен өзіңе қарсы шығамын! Саған қарсы қолымды созып, сені қаңыратып, елсіз қалдырамын. Мен Сейір тауын қиратып, қаңыратамын. Енді одан қашып кетіп, не қайтып келетіндердің бәрін құртамын. Өзіңді ұдайы қаңыратып бос қалдырамын, қалаларыңды енді қайтып ешкім мекендемейтін болады. Осылайша сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың.
Выбор основного перевода