Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Зорлықпен алып қоюға үміт артпа,Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба,Дәулетің молайса, соған сенім артпа! Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен, бай байлығымен мақтанбасын! Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Жартасты төбенің басында тұрған саған қарсы шығамын, уа, Иерусалим: «Бізге қарсы соғысып, баспанамызға кіре алатын кім бар?» деп мақтанатын сендерге қарсы Өзім соғысамын. Қашанға дейін қаңғып жүре бересің, опасыз қыз? Енді Мен, Жаратқан Ие, жерде бір жаңалық жасаймын: әйелдің күйеуінің айналасынан шықпайтыны (іспетті, Исраил де Құдайының айналасынан шықпайтын болады). — Өзіңнің даналығың мен ақыл-парасатың арқылы байлыққа қол жеткізіп, қазына қоймаларыңа алтын-күмісті молынан жинап алыпсың. Расында да сауданы жетік білуіңмен сен байлық-дәулет пен күш-қуатыңды нығайттың. Содан да жүрегің мейлінше менменсіп кетті».
Выбор основного перевода