Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Таудан шыққан дауысқа құлақ түріңдер, ол — жүріп келе жатқан үлкен әскердің шуы сияқты ғой! Патшалықтардың жиналған халықтары айқайлауда. Әлемнің Иесі осы әскерді шайқасқа дайындап түгендеп жатыр. Сол ел қамыстан жасалған қайықпен Ніл өзенімен елшілерін жібереді.Уа, жүрдек хабаршылар! Өзендермен бөлінген өз елдеріңе қайтыңдар! Әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл өз халқыңа мына хабарды жеткізіңдер: Яһуданың әміршілері (Мысырдың солтүстік астанасы) Соғанда болып, елшілері Ханес қаласына жеткенмен, Ей, садақшылар, Бабылды жан-жақтан қоршап алып, шабуылға дайындалып шеп құрыңдар! Оған қарай жебелеріңді аямай атқылаңдар! Өйткені Бабыл халқы Жаратқан Иеге қарсы күнә жасады. Бұл — Абдидің көрген көрінісі.Мұнда Жаратушы Тәңір Иенің Едом елі туралы айтқаны берілген.Жаратқан Иеден жеткен бір хабарды естідік, халықтардың арасына бір шабарман жіберілді. Ол: «Жиналыңдар! Едомға қарсы шайқасуға шығыңдар!» — деп жариялайды. (Жаратқан Ие Едом еліне былай деп ескертеді:) «Біліп қой, Мен сені ұлттардың арасында шағын әрі әбден елеусіз қыламын. Сен жартастағы қуыста тұрып, биік қыраттарды мекендеп келесің. Сондықтан «Кім мені бұл жерден құлатып түсіре алады?!» деп кеуде көтеріп, соған алданып кеттің. Алайда тіпті бүркіттей самғап, ұяңды жұлдыздардың арасында салсаң да, бәрібір Мен сені сол жақтан да құлатып түсіремін!» — деп нық айтады Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода