Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді. Немесе Құдай Иеміздің көз алдымызда Мысыр елінде істегеніндей, сол халықты ауыр сынақтардан өткізіп, ғажап істер мен кереметтер көрсетіп, соғыспен, Өзінің алға созылған құдіретті қолымен әрі ұлы да үрейлі істерімен өз меншігі болу үшін бір халықты басқа бір елдің ішінен алып шығуға тырысқан тәңір бар ма екен? (Әрине, жоқ!) Уа, Құдай, Өзіңнің зор құдіретіңменЕжелде бабалардың заманында істегенКеремет істерің жайлы құлағымызбенКөп естігенбіз әкелерімізден. Өз құдіретіңмен теңізді қақ жардың,Дәу су мақұлықтарының бастарын жойдың, Паң мысырлықты Сен талқандап қираттың,Жауларыңды күшті қолыңмен шашыраттың. Сол кезде Жаратқан Ие ирелеңдеп, бұралаңдаған алып жылан және теңіздегі айдаһарға ұқсаған жауларға назарын аудармақ. Оларды Өзінің қатты, үлкен әрі күшті семсерімен қырып-жоймақ. Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың енді қайтып саған кірмейтін болады! Оларға тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен саған қарсы шығамын, ей, Мысыр патшасы перғауын! Сен дәу айдаһардай «Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым!» деп бөсіп мақтанасың. Ол қолының құдіретін танытып,Асқақ ниеттілерді шашыратады,
Выбор основного перевода