4
Жаратқан Ие маған мынадай уәде берген еді:— Мықты жас арыстан шапқан олжасының үстінде тұрып ырылдағанда, тіпті малшылардың бүкіл тобы оған қарсы шығып, қатты айқайлап, у-шу жасаса да, арыстан соларынан қорқып шошымайды. Сол сияқты Әлемнің Иесі де көктен түсіп, Сион тауы мен оның маңындағы қыраттарда шайқасатын болады.