Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жасаған Ие жалғыз Өзі аспанды жайып жіберіп, теңіздің толқындарын басып үстімен жүрген. Жарық нұрды Сен шапандай киесің,Аспанды шатырдай жайып жібересің, Ахазға мына хабарымды жеткіз: Абай болып, тыныштық сақта! Ана бықсып, шала жанған екі отындық ағашқа ұқсайтын жауларыңнан қорықпа! Ресин мен Араманың және сол бір Ремалиях ұлының лаулаған қаһарынан зәрең ұшпасын!» Неге десең, сен өзіңді құтқарған Құдайыңды менсінбей, өзіңді қорғайтын «Жартасыңды» ұмыттың! Мейлі, таңдаулы деген өсімдіктерді егіп, шетелден әкелінген жүзім бұталарын отырғыза бер! Жасаған Ие жер шарының үстіндегі «тағында» отыр! Жер бетіндегілер Оның алдында шегірткелердей кіп-кішкентай.Жаратқан Ие аспанды шымылдықтай жайып жібереді, оны шатырдай тігіп, Өзіне мекен етеді. Сені езіп-жаншығандар сол кезде өз тәндерін жейтін болады. Олар төгілген өз қандарына тәтті шарап ішкендей мас болады. Осылай бар адамзат Менің Жақып сиынған құдіретті Жаратқан Ие екенімді білетін болады: Мен сенің Құтқарушыңмын, сені азат ететін Қамқоршыңмын». Жасаған Ие жерді өз құдіретімен жаратып, әлемді даналығымен орнатып, аспан кеңістігін ақыл-парасатымен жайып жіберді.
Выбор основного перевода