Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аң-таң болып, қайран қаласыңдар! Көр соқыр бола бересіңдер! Еш шарап ішпей-ақ мас болып, еш сыра ішпей-ақ теңселіп жүретін боласыңдар. «Азап шегіп, дауыл сабалап, жұбаныш көрмеген қала, мынаны біліп ал: Мен сені қайтадан салып тұрғызамын: көгілдір асыл тастарды негіздерің етіп, тастарыңды ең сапалы ерітіндімен қаластырамын. Иерусалим мен Яһуданың басқа қалалары, оның патшалары мен әміршілері осылай күйреп, бөтен халықтардың бұларға қарап жандары түршігіп ысқырып, келекелеп, қарғауына ұшырайтын болды. Олар әлі күнге дейін сол күйде. — Бұдан кейін оларға былай де: Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: «ішіңдер, тоя ішіп, құсып тастаңдар!» Мен араларыңа жіберіп отырған семсерден құлап, қайтып тұрмаңдар!
Выбор основного перевода