Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Ие шығыс жақта, Едем деген жерге пейіш бағын орнатып, Өзі жаратқан адамды сонда орналастырды. Лут айналасына көз тастап, бүкіл Иордан өзені аңғарының Сиғорға дейін сулы жер екенін көрді. Себебі бұрын сол жердің суы мол болып, Жаратқан Иенің пейіш бағына және Ніл бойындағы Мысыр еліне ұқсайтын. Бұл Жаратқан Ие Содом мен Ғомора қалаларын құртпай тұрғандағы кез еді. Жаратқан Иенің азат еткен халқыСионға ән шырқап қайтып келеді,Олар ұдайы мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі,Қайғы-қасірет, күрсіну атаулыБастарынан бірден алыстап кетеді! — Халқымды Менің жұбатыңдар,Көңілін оның орнықтырыңдар! —Дейді сендер сиынған Құдай Иең. — Иерусалимнің қираған орындары, бәрің бірігіп шаттана ән шырқаңдар! Тәңір Ие өз халқына жаны ашып, Иерусалимді құтқарады. Иерусалимді сүйетіндердің бәрі де, онымен бірге шаттана қуаныңдар! Азап шеккен бұл қала үшін қайғырған барлығың да, онымен бірге мәз-мейрам болыңдар! Содан олар: «Мына жер бұрын қаңырап бос жататын еді, ал енді ол пейіш бағындай болып кетіпті. Бұрын қирап, елсіз қу медиен болған қала орындары мекенделіп, бекіністі қалаға айналыпты!» дейтін болады. Әскердің алдында — бәрін жалмайтын от, артында — лаулаған жалын! Алдындағы жер Едемдегі пейіш бағы сияқты болып тұрады, ал әскер өткеннен кейін қаңыраған қу дала болып шыға келеді. Олардан ештеңе де құтыла алмайды.
Выбор основного перевода