Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар күйрегендерін өз көздерімен көрсін, құдіреті шексіз Тәңірдің қаһарына толығымен кенелсін! Өз халқыңның басына пәле түсірдің,Теңселтетін «шараптан» оған ішкіздің. Жаратқанның қолында «қаһарлы тостаған»,Іші дәмдеуіштермен араласқанКөпірген «жаңа шарапқа» толған.Оны құйып береді Жаратқан,Бар зұлымдар ішуге тиіс содан,Сарқып ішеді тіпті ашытқысынан. Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың енді қайтып саған кірмейтін болады! Өйткені Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие маған былай деп бұйырды:— Ернеуіне дейін «қаһарымның шарабына» толған мына «тостағанды» ал да, Өзім сені жіберетін халықтардың бәріне содан «ішкіз!» Олар «ішіп алып», тәлтіректейді. Мен олардың арасына семсерді жібергенімде мүлдем естері ауысып кетеді! Мен Жаратқан Иенің қаһарына толы «тостағанды» Оның қолынан қабылдап, Өзі мені жіберген халықтардың бәріне «ішкіздім»: Иерусалим мен Яһуданың басқа қалалары, оның патшалары мен әміршілері осылай күйреп, бөтен халықтардың бұларға қарап жандары түршігіп ысқырып, келекелеп, қарғауына ұшырайтын болды. Олар әлі күнге дейін сол күйде. Охолиба, сен де өз әпкеңнің жолымен жүресің. Сондықтан ол ішкен тостағанды енді сенің қолыңа ұстатамын! «Біліп қойыңдар, Мен Иерусалимді айналасындағы елдерді теңселдіретін ішімдікке толы тостаған іспетті қыламын. Жаулар Иерусалиммен бірге Яһуда елін де қоршауға алмақ. Алайда Иса жауап беріп:— Не сұрап тұрғандарыңды ұқпайсыңдар! Мен (Құдайдың қаһарына толы) «тостағаннан ішпекпін». Ал сендер солай істей аласыңдар ма? — деді. Екі шәкірт:— Иә, істей аламыз, — дегенде, Иса: «О, Абба, Әкем! Сенің қолыңнан бәрі де келеді. (Қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» — деп мінажат етті.
Выбор основного перевода