Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы себептерден де Жаратқан Ие Өзінің халқына деген қаһарын лаулатып, оны жазалау үшін қолын көтеріп тұр. Оның құдіретінен таулар сілкінеді. Сонда өлгендердің денелері қоқыстай далаға лақтырылады.Соның өзінде Жаратушының қаһары әлі де басылған жоқ, Оның құдіретті қолы жазалау үшін көтеріліп тұр! Сондықтан Тәңір Ие оларға қайнаған қаһарын төгіп, сұрапыл соғыс жіберді. Бірақ олар Құдайдың лаулаған қаһарына ұшыраса да, соның себебін ұқпады! Тіпті жалыны жалмағанмен, олар мұны көңілдеріне түймеді! Естеріңе алыңдар, Жаратқан Ие жалындаған от ішімен түсіп келеді. Оның соғыс күймелері құйындай құйғытады. Иеміз жауларына ашуланып, қаһарын төкпек. Оларды лаулаған отпен тоқтатады. Халқым құрып, бала мен бөбектің көшелердеАштан өліп жатқандарын көргенімде,Төгілген жасымнан талды көздерім де,Жаным қиналды, ақтарылғандай боп жерге. Сәбилер: «Тамақ, сусын қайда?» — деп аналарына,Жаралы адамдай көшелерде талықсуда,Жан тапсырады аналарының құшағында.
Выбор основного перевода