Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,Киімдей тозады олардың барлығы да,Көйлектей ауыстырасың Сен оларды,Содан олар лақтырылып тасталады. Аспанға көз жіберіп қараңдаршы:Кім жаратты ондағы жұлдыздарды?!Бір-бірлеп алып шығып шоқжұлдыздарды,Ол әрқайсысын өз атымен шақырады.Жаратқанның құдіреті сонша зор болып,Біреуі шет қалмай, бәрі Оған бағынады. Ал Жаратқан Ие Исраил халқын құтқарып, ұдайы қорғап-қолдайды. Содан оларға: «Енді қайтып қорланбайсыңдар, мәңгі масқара болмайсыңдар!» — делінеді. Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды. Ұрының табан астынан түсетіні сияқты, Иеміздің қайта оралатын күні де білдіртпей кенеттен келмек. Сол күні аспан қатты шумен жоқ болып, дүниенің құрамдас бөліктері өртеніп құрып кетеді. Жердің өзі де, ондағы бүкіл жаратылыс пен адам қолымен істелгеннің бәрі де өртеніп жоқ болады. Содан соң жаңа көк пен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы көк пен жер құрып кетіп, бұдан былай теңіз де болмады.
Выбор основного перевода