Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінінҚуана әндетіп жинамақ өнімін: Жаратқан Иенің азат еткен халқыСионға ән шырқап қайтып келеді,Олар ұдайы мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі,Қайғы-қасірет, күрсіну атаулыБастарынан бірден алыстап кетеді! Саған күндіз күннің нұрын шашып, түнде айдың сәулесін түсіруінің қажеті де болмайды. Мен, Жаратқан Ие, сенің Құдайың, Өзім мәңгілік нұрың мен салтанатың боламын! Мұның бәрін көріп, шаттанып, көңілденесіңдер. Көк шөп секілді өсіп-өнетін боласыңдар. Осылай Жаратқан Ие Өзіне қызмет ететіндерді құдіретімен қорғап-қолдап, ал қарсы шыққандарға қаһарын төгетін болады. Сендер де қазір солай қайғылысыңдар. Бірақ Мен сендерді қайта көремін, сонда қатты қуанасыңдар, қуаныштарыңды ешкім тартып ала алмайды. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Қарғалған еш нәрсе де осы қаладан табылмайды. Құдай мен Тоқтының отырған тағы қаланың ішінде. Құдайдың қызметшілері Оған бас ұра қызмет етіп,
Выбор основного перевода