Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Тыңда Мені, Исраил халқым, былай деймін:Саған қарсы куәлік келтіремін,Мен Құдаймын, иә, сенің Құдайыңмын! (Асафтың насихат жыры.)Уа, халқым, тәліміме көңіл бөлші,Айтатын сөздеріме құлақ түрші, Жаратқан Сионнан билігіңді құрғызады сенің,Енді жауларыңа да үстемдік жүргізесің, «Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің,Жақыптың халқы сиынған Құдайдың,Сион тауындағы киелі үйінеӨрлеп барайық барлығымыз, кәне!Сол жерде Жасаған Иеміз бізгеАқ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік,Оның әділ еркін орындай берейік!»Деп, көп ұлттар жолға шығады бірігіп.Сөзін таратады тәлімін үйретіпЖаратқан Ие Иерусалимнен,Сиондағы өз киелі үйінен. Ол соны берік орнатқанша жер бетінеКүші тасып, алған бетінен қайтпайды.Алыс елдер үміт артар оның тәліміне». «Сені әділдікпен Өзім шақырдым,Қолыңнан ұстап, қорғаймын, әрі қойдымКелісімнің кепілі болуға өз халқыма,Жол көрсеткіш Нұр да өзге ұлттарға.
Выбор основного перевода