Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қыраттар халқыңа молшылық берсін,Қырдан олар әділдіктің өнімін терсін. Адалдық жер бетінен көктеп шығады,Әділдік көктен төмен қарап тұрады. Құтқарылудың қайнар көздеріненСу ала бересіңдер қуанышпен. Күллі халқың әділ болып, осы елге ұдайы ие болады. Халқым Өзім отырғызған көшетке ұқсайды. Мен оны жараттым, ол арқылы ұлылығымды паш етемін. Өскіндерді топырақ көктетеді,Себілген дәндерді бақша өсіреді.Ал енді Жаратушы Тәңір ИеӘділдігі мен даңқты істерін деБарлық халықтардың көз алдарындаШүбәсіз қаулатып шығарады да! Өз өмірлеріңдегі «тың жерлеріңді жыртыңдар, әділдіктің дәнін себіңдер»! Солай берік мейірімнің «жемісін» жинап аласыңдар. Себебі осы кез — Маған, Жаратқан Иелеріңе, бет бұрып, мойынсұнатын уақыт! Сонда Мен сендерге келіп, кешірім беріп, ақталуды жаңбырдай жаудырамын.
Выбор основного перевода