Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған өсиет сендер үшін тым қиын әрі алыс нәрсе емес. «Ал сен, Исраил халқы — Менің қызметшім, Өзім таңдап алған Жақыптың үрім-бұтағы әрі жаныма жақын Ыбырайымнан тараған ұрпақ, сөзіме құлақ сал: Ей, халқым, қорықпаңдар, үрейлерің де ұшпасын! Мен бұрыннан-ақ сендерге болашақтағыны алдын ала жариялап келдім емес пе? Мен туралы шындықты мойындаңдар: Менен өзге құдай бар ма? Менен басқа қорғандарың жоқ, Маған біреуі де мәлім емес!» Қасыма жақындап, сөзіме құлақ түріңдер: Мен ниетімді басынан-ақ бүкпей ашық айтып келемін. Оны іске асыратын уақытта да Өзім сол жерде боламын».Енді Жаратушы Тәңір Ие және Оның Рухы мені мына хабармен жіберіп отыр: — Едом еліндегі Босорадан келе жатқан, қан қызыл шапан жамылған мына Кісі кім екен? Сән-салтанатпен киініп, зор күшпен алға басқан Бұл кім Өзі? — Ол:— Мен әділдікті айтамын, құтқаруға құдіреттімін, — дейді. Егер де Маған шын жүректен бет бұрып сиынып Мені іздесеңдер, табасыңдар. Сонда Мен сендерге Өзімді тапқызамын! — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Иә, Мен сендерді тұтқыннан кері қайтарып, жағдайларыңды бұрынғыдай игілікке кенелтемін. Өзім сендерді жер аудартқан барлық халықтар мен елдерден жинап, осы жерге қайта алып келемін. Иса оған:— Мен бүкіл жұрттың алдында ашық айтып келемін. Әрдайым барлық яһудилер жиналатын мәжілісханалар мен ғибадатханада тәлім беріп жүрдім. Мен еш нәрсені бүркемелеп айтқан емеспін.
Выбор основного перевода