Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Жаратқан Ие мынаны айтады: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін: Менің аузымнан шыққан сөзім де соған ұқсайды: ол нәтиже берместен Өзіме қайта оралмайды. Керісінше, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады». Жаратқан Ие ант етіп, мынадай уәде берген еді, соны Өзінің құдіретті оң қолымен ешбір шүбәсіз іске асыратын болады:— Енді қайтып сені жауларыңа жеңілдірмеймін! Оларға астығыңды тамақ етіп тапсырмаймын, әрі ауыр еңбек сіңіріп шығарған жүзім шырыныңнан да бөтен елдіктерге тегін ішкізбеймін! Енді ел ішінде бата сұраған әркім Маған, «Сөзіне адал шынайы Құдайға», сиынып бата сұрайды. Ант еткендер де «Сөзіне адал шынайы Құдайдың атымен» деп ант бермек. Сонда бұрынғы қиыншылықтар ұмытылып, бұдан былай көзіме түспейтін болады. (Ишая пайғамбардың жазбасында) мынадай сөздер жазылған: Мәңгі тірі Жаратқан Ие былай дейді: Менің алдымда әрбір адам тізе бүгіп, тіл біткен әр пенде Құдай екенімді мойындайтын болады деп өз атыммен ант етемін. Енді естігенде Исаның АтағынКөктегі, жердегі, жер астындағылардыңБәрі де тізе бүкпек Оның алдында Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы даЖаратқан Ие деп ашық мойындауғаТиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға.
Выбор основного перевода