Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Ал сен, Исраил халқы — Менің қызметшім, Өзім таңдап алған Жақыптың үрім-бұтағы әрі жаныма жақын Ыбырайымнан тараған ұрпақ, сөзіме құлақ сал: Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Сион, сол кезде барлық ұлттар әділдігіңді көріп, патшалары да салтанатты ұлылығыңа көздерін жеткізеді. Жаратқан Ие саған қойған жаңа атыңмен аталатын боласың. Қасиетті орындарыңызды аралап, қарап жүргенде «Бейтаныс құдайға» деген жазуы бар құрбандық үстелін де көрдім. Өздеріңіз танымасаңыздар да, құрметтеп жүрген сол Құдай туралы сіздерге хабарлап жүрмін.
Выбор основного перевода