Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам сол жаққа өрлеп барсын! Құдайы Жаратқан Ие оған жар бола көрсін!» Ол атақтыларды қор қылады, мықтыларды қаруынан айырады. Себебі Құдайың Жаратқан Иемін,Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін.Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймынДеп саған берік уәдемді беремін. Енді Кир туралы алдын ала былай деймін: Ол — Маған қызмет ететін бағушы, Менің еркімді түгелдей орындаушы. Кир «Иерусалим қайта салынсын!» деген жарлық шығарып, ғибадатхананың да негізін қайтадан салғызатын болады. Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ! Өзімді білмесең де, Мен сені күшті қыламын. Өйткені солтүстіктен бір ұлт аттанып келіп, Бабылдың елін ойрандайды. Сонда адам да, мал да одан қашып, Бабылды мекендейтін ешкім қалмайды. Халдейлер семсердің жүзінен қырылатын болады! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Бабылдың тұрғындарына, оның әміршілері мен данышпандарына семсер төніп тұр!
Выбор основного перевода