Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан,Құдай жартастай берік, мәңгі қорған. Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!» Халқым, қорықпа, енді қайтып ұятқа қалмайсың, қысылма, сен масқара болмайсың. Жас кезіңдегі ұятқа қалған жайтты ұмытып, жесірлік қасіретіңді де есіңе алмайсың. Тұтқындалып, басқа халықтардың арасына айдалып кеткен адамдарың сол кезде Мені естеріне алатын болады. Олар өздерінің Менен сырт бұрылған опасыз жүректеріне және тәңірсымақтарына құштарлана қараған көздеріне Менің қалайша қайғырғанымды сонда түсінбек. Ақырында олар істеген зұлымдықтары мен жексұрын салт-дәстүрлері үшін өздерінен-өздері жиренетін болады. Осылайша Мен Өзімнің қасиетті есімімді таңдаған халқым Исраилдің арасында паш етемін. Бұдан былай қасиетті есімімнің қорлануына жол бермеймін. Сонда барлық халықтар Менің Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, екенімді білетін болады. Осылай күллі Исраил құтқарылмақ. Бұл туралы Пайғамбарлар жазбаларында мынадай сөздер алдын ала айтылған еді: Сион қаласынан Құтқарушы келеді. Ол Жақыптың үрім-бұтағын теріс жолдарынан қайтарады.
Выбор основного перевода