Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты; суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып тұрды. Ал Құдайдың Рухы су бетінде қалықтап ұшып жүрді. Жалғыз Сен ғана Жаратқан Иесің! Ұлан-ғайыр аспанды әрі күллі аспан денелерін, жер мен теңізді және ондағы барлық нәрселерді жаратқан Сенсің! Олардың бәріне өмір беретін де Өзіңсің. Көктегі періштелердің бүкіл тобы Сенің алдыңда иіліп тұрады. Жаратқанның сөзімен аспан жаралды,Аузының лебімен жұлдыздар да жасалды. Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең,Шексіз зор даналығы Өзінің,Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін!Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды, Аспанды жайып жіберіп жаратқан,Жерді де өнімімен жайып тастаған,Адамдарға өмірдің лебін үрлеген,Жер басқанның бәріне тыныс бергенҚұдай Ие мынаны да айтқан: Аспанды жасаған Жаратқан Ие — шынайы Құдай. Ол жерді де қалыптастырып, нығайтты. Оны ретсіз, бос тұру үшін емес, мекендеу үшін жаратты. Құдай былай дейді: «Мен Жаратқан Иемін, Менен өзге құдай жоқ! Мен ғаламат құдіретіммен және алға созған қолыммен әлемді әрі жер бетіндегі адамдар мен хайуандарды қоса жараттым. Оларды қалаған адамыма тапсырамын.
Выбор основного перевода