Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің шынымен Құдай екендігі, Одан басқа шынайы құдайдың жоқ екендігі өздеріңе анық болу үшін осы ұлы да үрейлі істер көрсетілді. Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ. (Жалған тәңірлеріңді) алып келіңдер, олар не болатынын алдын ала айтып берсін! Ақылмен байыптап, немен бітетінін ұғуымыз үшін бізге бұрынғы оқиғалардың мәнісін білдіріңдер немесе болашақ жайттарды паш етіңдер! Ей, тәңірсымақтар, келешекте не болатынын айтыңдар, шынайы құдай екендеріңе көз жеткіземіз. Иә, не жақсы, не жаман, әйтеуір бір кереметті жасаңдар! Оны көріп, бәріміз шошынатын боламыз. Ендеше, араларыңдағы кім бұл туралы басынан-ақ білдіріп, бізге алдын ала хабарлады? Егер біреу болған болса, онда оны шынайы дер едік. Ал іс жүзінде ешкім мұны білдірген жоқ, расында ешкім алдын ала хабарлаған да емес! Сендердің үндеріңді естіген бірде-бір жан жоқ. Жүзеге асты бұрынғы айтқандарым,Енді жаңа жайттарды жариялаймын,Сендерге алдын ала хабарлаймын». Себебі Мен сенің Құдайың Жаратқан Иемін, Мен, Исраил сиынған Киелі Құдай, Құтқарушыңмын! Сенің құның үшін Мысырды беріп, Құш пен Себаны да төлемің еттім. Жалған тәңірлерге табынатын ұлттар жиналып, барлық халықтар бас қоссын! Араларындағы кім (Исраилдің құтқарылуын) алдын ала жариялап, өтіп кеткен оқиғаларды да білдіре алды? Олар айғақтарын шығарып, өздерінің дұрыстығын дәлелдесін! Осылай айтқандарының шынайылығы айқын көрінсін». Мен Жаратқан Иемін, Менен басқа Құтқарушы жоқ! Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ! Өзімді білмесең де, Мен сені күшті қыламын.
Выбор основного перевода